Алматы облысында 48 учаскеде көшкін қаупі бар

Алматы облысында 48 учаскеде көшкін қаупі бар
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы облысының тауларында 17-21 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көшкін қаупіне байланысты Алматы облысының ТЖД тұрғындар мен туристерден қар жатқан тау беткейлеріне шықпауға, тауда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 учаскеде көшкін қаупі бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - деп хабарлады ведомстводан.