Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр

Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр
Сурет: Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметінен

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді.

Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан.

«Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Дереу өртті сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға бағытталған»,- деп хабарлады ведомствадан.

Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)