Қос азаматтық үшін жаза күшейтіледі

Қос азаматтық үшін жаза күшейтіледі dalanews.kz

Заңнамалық актілерге қос азаматтығын жасыратындар үшін жазаны қатайтатын түзетулер енгізіледі, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz.



«Басқа елдің азаматтығын қабылдау кезінде зардаптарды болдырмау үшін өзге елге кеткен және сол елдің азаматтығын қабылдаған Қазақстанның азаматтары 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының консулдығына азаматтықты жоғалтуды тіркеуге өтініш беруі керек», - деді Ш.Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингінде.



Айта кетейік, Қазақстан қос азаматтықты мойындамайды. Қос азаматтықты жасырғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (690 мың теңге) айыппұл салынады немесе Қазақстаннан шығару қарастырылған.


ТМД-да қос азаматтықты анықтау жеңілірек болады.



«Өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138-і сот шешімімен елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды», - деп нақтылады ІІМ ресми өкілі.



Соңғы бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның 3 мыңнан астамына айыппұл салынып, 473-і елден қуылған. Қазақстан азаматтығы барлығына алынып тасталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02