Алматы қорығының аумағына кіруге болмайды

Алматы қорығының аумағына кіруге болмайды
Сурет: Zakon.kz

Қорық аумағына кіруге тыйым салынды.

Оған себеп - Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 15 метрге дейін жететін қар көшкінінің жүруі. Мемлекеттік инспекторлар жолдарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«2023 жылғы 24 ақпанда Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Талғар бөлімшесінің оң және сол Талғар шатқалының бойымен қызмет кордондарына қатынасатын өрт қауіпсіздігі жолдарына бірнеше жерден биіктігі 1,5 метр ені 15 метр болатын қар көшкіні түсті. Мемлекеттік инспекторлардың күшімен қарды ашу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты қорық аумағына бөгде адамдардың кіріп-шығуына тыйым салынады»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні қаупі сақталатыны туралы ескерткен еді.