Қазақстан нан бағасы ең арзан елдер қатарында алғашқы бестікте

Қазақстан нан бағасы ең арзан елдер қатарында алғашқы бестікте
Сурет: Daulet.com.kz

Қазақстан наны арзандығы жағынан әлемде төртінші орында. 

Алғашқы үш орында Тунис, Алжир және Ливия елдері тұр. Оларда нанның құны - 0,14, 0,16, 0,34 доллар. Ал Қазақстанда нан 0,36 доллар (шамамен 165 теңге) тұрады. Бұл рейтингте Өзбекстан нан құны 0,37 доллармен бесінші орында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Energyprom.kz порталының рейтингінде бағалары әлдеқайда жоғары дамыған елдер көш бастап тұр. Нан Исландияда - 2,93, Швейцарияда - 3,21, АҚШ-та - 3,27 доллар тұрады.

Бір жылда елімізде нан 19,2 пайызға қымбаттаған. Баға жоғары сапалы ұннан жасалған бидай нанының ең жоғары көтерілгені – 27,8%-ға, 1 кг 348 теңгеге дейін. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 13,9%-ға, 196 теңгеге, қара бидай ұны қосылған нан 26,5%-ға қымбаттап, 435 теңгеге жеткен.