Лейтенант шенін алғандар әскерге шақырылады
Әскери кафедраны биыл аяқтағандар 2 жылға әскери қызметке шақырылады. Қарулы Күштердің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Артықовтың айтуынша, биыл запастағы офицерлерді шақыру көзделіп отыр.
Биыл жоғары оқу орындарында «лейтенант» атағын алатын студенттер де бұдан хабардар. Өйткені біз жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстамыз. Олар Отан алдындағы борышын 2 жыл өтейді. Білім ордасында әскер кафедраны аяқтаған соң, студент нақты мамандық алып шығады сол арқылы біз күштік құрылымдарды толықтырамыз, – деп жауап берді полковник.