Маңызды атқарылған істер мен алдағы күрделі міндеттер толық баяндалды

Маңызды атқарылған істер мен алдағы күрделі міндеттер толық баяндалды
Сурет: Aikyn.kz

Жолдауға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Сол пікірлердің біреуін Almaty-akshamy.kz Assembly.kz-ке сілтеме жасап ұсынып отыр.

Мынау бұраулы, бұрандалы, бұлтың дүниеде, шытырманды, шиманды өмірде тілмен байлағанды қолмен шешу мүмкін емес екені ақиқат. Дегенмен, «Кемер белбеу- бел сәні, кемел жігіт - ел сәні» демекші, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған бүгінгі жолдауында еліміздің толық ахуалы туралы аса маңызды атқарылған істер мен алдағы күрделі міндеттер толық баяндалды деп есептеймін.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауының басты мақсаты мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын одан әрі дамыту сынды мақсаттарға қол жеткізу екендігіне бүгінгі Президенттің сөздерін тыңдай отыра бәріміз куә болдық. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғандығы аталып өтілді. Сонымен қатар Президент атап өткен жаңа экономикалық дамудың жеті қағидаты мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдауды және сол үшін қоғам алдында жауапты болуды көздейді.

Әсіресе, қолжетімді әрі сапалы білім беруге және де әлемге зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға арналған бөлімдер алда ауқымды жұмыстар жүргізілетіндігінің негізі. Халықтың әлеуметттік әлеуетін одан әрі арттыру яғни, тұрғын-үй мәселесін шешу бойынша «5-10-25» бағдарламасының осы жылдан бастап жүргізіліп келе жатқандығын және 2021 жылдың өзінде БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларын басқаруға беру үшін пайдалана алатындығын айқындады.

Алайда осындай табыс пен тұрмыс сапасы жоғары мемлекет құру үшін бәрімізге жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіп қажет. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының осы орайда, білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек, деген сөзі Қ.Ж.Тоқаевтың жолдауда атап өткен мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттары еліміздің дағдарыс жағда йында одан әрі дамуына зор үлесін тигізеді деген сенімдемін.