Алматыда "Қоқыссыз таза табиғат!" акциясы өтіп жатыр

Алматыда "Қоқыссыз таза табиғат!" акциясы өтіп жатыр

Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жалпыұлттық акция аясында тауларды тазарту жөніндегі экологиялық сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

Қатысушылар үшін трансферлер, қажетті құрал-жабдықтар мен түскі ас ұсынылды. Алматының тау бөктеріндегі туристік орындарда тазалау жұмыстары жүргізілуде. 

Биылғы жылдың тоғыз айында Іле-Алатау ұлттық саябағына 630 мыңға жуық адам келді. Осы кезеңде әртүрлі құқық бұзушылықтар, соның ішінде қоқыс шығарғаны үшін 124 адамға айыппұл салынды