Алматы қаласында БҰҰ-ның хабы ашылады

Алматы қаласында БҰҰ-ның хабы ашылады
Сурет: Inform.kz

Қазақстан жаһандық азық-түлік тапшылығымен күресуге дайын. 

Хаб Орталық Азия мен Ауғанстан үшін қызмет ететін болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Президент сапарының негізгі мақсаты – БҰҰ Бас Ассамблеясының 77 сессиясына қатысу. Жалпы дебатта сөз сөйлеген Тоқаев мемлекеттер егемендігінің теңдігі, территориялық тұтастығы және елдің бейбіт өмір сүруі секілді қағидатты сақтауымыз керек деді. Ұйымның басты ұстанымы да сол.

Сонымен қатар, экономикалық және саяси санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып, миллиондаған адамға, әсіресе қоғамның осал топтарына қауіп төндіретін «жаңа нормаға» айналғанын жеткізді. Бұл мәселе тез арада шешімін табу керек деген Мемлекет басшысы Қазақстан жаһандық азық-түлік тапшылығымен күресуге дайын екенін мәлімдеді.