Алматы әуежайында жүздеген жолаушы ұшақ күтіп отыр

Алматы әуежайында жүздеген жолаушы ұшақ күтіп отыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кеше кешке Алматы әуежайы қар мен қатты желге байланысты жұмысын тоқтатты.

Бүгін жүздеген жолаушы әлі де ұшақтарды күтіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әуежайының сайтындағы дисплейден 17 рейстің ұшуға, 33 рейстің келуге кейінге қалдырылғаны байқалады.

"Алматы халықаралық әуежайы ауа райының қиындығына байланысты рейстер кешіктірілгенін хабарлайды. Жағдай тұрақталғаннан кейін әуежай әуе кемелеріне көктайғаққа қарсы кезекпен қызмет көрсетуді жандандырды. Жұмысқа барлық арнайы техника мен күшейтілген ауысымдық жеке құрам жұмылдырылды", делінген Алматы әуежайы баспасөз қызметінің ақпаратында.