Алматы әкімдігі көлік тұрағында тұрған жұмыс істемейтін автобустар бойынша жағдайға пікір білдірді

Алматы әкімдігі көлік тұрағында тұрған жұмыс істемейтін автобустар бойынша жағдайға пікір білдірді
m.kolesa.kz

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс VII сессиясында депутат, қоғам қайраткері, эколог Тимур Елеусізов "автобустар зиратына" мәселесін көтерді.

- Біз жалпы ұзақ жылдар бойы әкімдікті жолаушы тасымалын субсидиялауын қолдап келдік, себебі оның бәрі шығын. Бірақ қазір әлеуметтік желіде 600 автобус пен 100 троллейбус жайлы "автобус зираты" мәселесі көтеріліп жатыр. 600 автобус не үшін жұмыс істемейді, неге олардың бөлшектері сатып алынып ары қарай қолданысқа енбей жатыр?

Оған Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жауап берді. Оның сөзінше, бұл тұрақта 823 автобус бар, оның 651-і сенім басқаруы негізінде "Green Bus" ЖШС жұмыс істеген.

- Бұл автобустар 2010-2013 жылдары шығарылған. Қазір олардың тозығы жеткендіктен жөндеу мүмкін болмай емес. Ал қалған 157 автобусты Алматы облысының балансына бердік. Жалпы саны 15 болатын 18 метрлік ЛиАЗ автобустары сақтауда тұр. Қазір олардың бөлшектері сатып алынуда және де биыл бұл 15 автобусты жөндеуді жоспарлап отырмыз.