Алексей Луценко ауыр жарақат алды

Алексей Луценко ауыр жарақат алды
Cурет: Instagram/lutsenko_alexey

Қатты құлаған Алексей жергілікті ауруханаға жеткізілді

Дайындық кезінде ауыр жарақат алған Astana Qazaqstan Team қазақстандық велоклубының көшбасшысы әрі капитаны Алексей Луценко белгісіз уақытқа дейін қатардан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алексей Луценко Испанияның Тенерифе өңіріндегі Тейде қаласындағы дайындық жаттығуы кезінде құлады, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Кенеттен қатты жел тұрып, салдарынан шабандоз сол жағына ығып кетті. Қатты құлаған Алексей жергілікті ауруханаға жеткізілді, онда оған сол жақ бұғанасы мен иығы сынған деген диагноз қойылды.

Жақын арада Алексей Луценко ота жасау үшін Бельгияға жеткізіледі.