Алдағы үш күнде үсік жүреді

Алдағы үш күнде үсік жүреді
Сурет: Самат Құсайынов

Алдағы үш күнде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 1-3 градус аяз күтіледі.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болады.

Республиканың батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді.

Республиканың басым бөлігінде күндіз ауа райы 10-20 градусқа дейін жылы болады.