Алатау ауданында 620 көше жарықтандырылған

Алатау ауданында 620 көше жарықтандырылған
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі уақытта Алатау ауданының 85%-ы жарықтандырылған. Жарық нүктелерінің саны - 38 105 дана. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков хабарлады. 

Ол 2020 жылы 413 көшеде 19 471 жарықдиодты шам орнатылғанын еске салды. 

«Аудан әкімдігі ішінара жарықтандырылған 378 көше бойынша көше жарығын салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2024 жылы жоспарланған», - деп хабарлады аудан әкімі.

Ауданның келбетін жақсарту және абаттандыру тақырыбын жалғастырған әкім Азамат Қалдыбеков «Алматы қаласының бюджетке қатысу» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді. Биыл қала тұрғындарынан 303 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруіне сәйкес іске асыру үшін 2 млрд.675 млн. теңге сомасына 54 жоба іріктелді. Бүгінгі таңда 37 нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін қалған 17 жобаның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
Мысалы, жыл соңына дейін Қарасу шағын ауданындағы Бағаналы орда көшесіндегі аллеяның құрылысы аяқталады. Аханов көшесіндегі жасыл аймақты ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.