Алматыда 760 орынға арналған жатақханасы бар екі колледж  құрылысы басталды

Алматыда 760 орынға арналған жатақханасы бар екі колледж  құрылысы басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Алатау ауданында 1440 орындық екі колледж бен 760 орынға арналған жатақханалардың құрылысы басталды. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде аудан басшысы Азамат Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Алматыға келген сапарында Үкіметке студенттерге арналған жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырған болатын. Өйткені Алматы ғылым мен білім берудің озық орталықтарының бірі болып саналады. 

Президент тапсырмасына сай, студенттерге арналған жаңа жатақханалардың құрылысы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 

«Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін ағымдағы жылы Зерделі шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орынға шақталған кәсіптік-техникалық колледж құрылысы басталды. Сондай - ақ, Алғабас шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық - техникалық колледж ғимараты салынуда», - деді Азамат Қалдыбеков Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде.

Сондай-ақ, Алатау ауданында 1 600-ден астам адам оқитын университет және 859 оқушы оқитын екі орта арнаулы оқу орны бар.