Алматыда алғаш рет инклюзивті теннистен сайыс өткізілді

Алматыда алғаш рет инклюзивті теннистен сайыс өткізілді
Сурет: 24.kz

Алматыда қаланың ашық кубогі аясында алғаш рет инклюзивті теннис сайысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызыл доп» деп аталған бұл іс-шараны еліміздің теннис федерациясы ұйымдастырды. Федерацияда мүгедектер мен кеселге ұшыраған жастарды спортқа бейімдеудің мемлекеттік бағдарламасын оңтайлы іске асырып келеді. Тірек-қимыл жүйесі зақымданған балаларды оңалту үшін инклюзивті тенистің пайдасы зор.

Бәсекеге арбада отырған ойыншылар да қатыса алады. Паралимпиаданың ресми тізіміне енген бұл спорт түрі Қазақстанның 6 өңірінде  дамып келе жатқанын айта кеткен ләзім. Жалпы елде инклюзивті тенниспен 150 адам тегін шұғылданады. 

Ақмарал Сәбденбекова, қала тұрғыны:

- Балаларымызға жақсылық жасап жатқанына үлкен рахмет. Қызым осыған өте қызығып келеді. «Мама, барайыншы, керемет» дейді, «қызық» дейді. Алдында плаваниеге барған, суретке барған, таңдағаны осы теннис болды. Үлкен теннис.