Түркияда Мұстафа Шоқайдың еңбектері топтастырылған кітаптардың таныстырлымы өтті

Түркияда Мұстафа Шоқайдың еңбектері топтастырылған кітаптардың таныстырлымы өтті
Сурет: Qazaqstan.tv

«Кеңес Одағының Түркі әлемі саясаты» атты жинақ қазақ, түрік, орыс және француз тілдерінде басылды.

Мазмұнды еңбекті жинақтаған белгілі шоқайтанушы ғалым, Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара. Бұл топтамаға Мұстафа Шоқайдың бір ғасыр бұрын жарық көрген 120 мақаласының ең өзекті 41-і таңдалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Автордың айтуынша Мұстафа Шоқай отаннан жырақ, қуғында жүрген кездегі еңбектері Еуропа баспаларында жиі жарияланған. Сол кезеңде бүкіл әлем азаттық пен еркіндікті аңсаған түркі жұрты туралы оның мақалаларынан танып білді. Түркиялық ғалымдар Мұстафа Шоқайды тек қазақ емес күллі түркі халықтарының тәуелсіздігі үшін күрескен ерекше қайраткер деп таниды.

«Мұстафа Шоқайдың өзі сөйлеп тұр. Яғни, мұны оқырман оның пікірінен, оның қаламынан туындаған еңбектерін оқып, өз қорытындысын шығарып, өз бағасын өзі береді. Біреудің айтқан бағасымен емес, өзінің көзімен оқыған Мұстафа Шоқайдың қаламынан шыққан туындыдан нақты бағасын береді. Біз Мұстафа Шоқайды бұған дейін ұлы мемлекет қайраткері деп білдік. Алаштың ардагерлерінің бірі деп. Мына кітапта оқығанда Мұстафа Шоқай сонымен қатар, экономиканы күшті білген, халықаралық саясатты күшті білгені, тарихты жақсы білген, философияны жақсы білген оны қаламынан көріп отырмыз», - дейді Мимар Синан университетінің прфессоры Әбдіуақап Қара.