Оралхан Бөкей ескерткіші жаңартылды

Оралхан Бөкей ескерткіші жаңартылды
сурет: 24.kz

Бұл мүсін Семей қаласында жасалыпты.

Өскеменде жазушы Оралхан Бөкейдің ескертікіші жаңартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Өскеменде белгілі жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің ескертікіші жаңартылды. Қаламгердің осыдан 8 жыл бұрын ашылған мүсіні сапасыз болуына байланысты әдебиет жанашырлары оны қайта жасау туралы ой көтеріп келген еді. Ақыры осы ұсыныс ескеріліп, Оралхан Бөкейдің мүсіні қоладан құйылып, тұғырына қайта қойылды. Жалпы биіктігі 4,8 метр. Жейдесін иығына іліп, бүгінгі ұрпаққа маңғаздана қарап тұрған заңғар жазушының бұл мүсіні Семей қаласында жасалыпты. «Мұзтау», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Қамшыгер» сынды талай танымал туындыны өмірге әкелген, дүлділ тұлғаның асқақ ескерткіші өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбие.

- Кеуде мүсіні бұрын да болған,сол кездегі кеуде мүсін жасаушылардың қателігінен деуге болмса,кемшілігі сол кеуде мүсін өте сапасыз істеліп еді,соны қайта жаңғыртып жатыр. Өр Алтайды, төр Алтайды жырлаған заңғар жазушы болатын, соған өз елінде, өз жерінде мынадай асқақ кеуде мүсіні қойылып жатыр. Бүгін бүкіл Шығыс Қазақстан үшін үлкен мереке, - деді журналист, ақын Әлібек Қаңтарбаев.