Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Сурет: Olympic.kz

Ел біріншілігі 2 сәуірге дейін жалғасады.

Ақтөбе қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Чемпионатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 25 командадан 316 спортшы қатысып жатыр.

Чемпионат 2022 жылғы 18 маусым мен 3 шілде аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына лицензиялық іріктеу жарысы болып табылады.

Айта кетерлігі, аталған ел біріншілігі 2 сәуірге дейін жалғасады.