Ақтауда полицейлер жол апатына ұшырады

Ақтауда полицейлер жол апатына ұшырады
Cурет: Ашық дереккөз

Апат болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр

Ақтауда патрульдік көлік жүргізушісі жол апатына ұшырады. Бір адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"30 сәуірде түнгі сағат 02.30-да Ақтаудағы 5, 6, 7 және 8-ші шағынаудандардың қиылысында патрульдік автомобиль мен Hyundai Accent маркалы автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Апат болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық сараптама тағайындалды.