Ақбөкенді атуға тағы да уақытша тыйым салынды

Ақбөкенді атуға тағы да уақытша тыйым салынды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

12 ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәжіліс алаңында 10 ақпаннан бастап Қазақстанда киіктің популяциясын реттеу тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Мәжіліс алаңында министр мұндай шешімнің отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, талқылаудан кейін қабылданғанын түсіндірді. 

"Қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық”, – деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ ол Қазақстанда реликттік бөкен популяциясы жаңадан көбеюі болжанғанын түсіндірді.

"Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40% өсті деп айта аламын. Жалпы төлдеу кезінде есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30% болса, тағы да плюс шамамен 700–750 мың бас болады деп күтеміз”, – деді министр.  

Министр 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз екенін ескертті.