Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды

Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды
Сурет: Inform.kz

Қазақтың бас ақыны -  Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары өтті.

Көкемсөз оқушылардың сайыс қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның ішінде бірінші дәрежелі дипломмен 13 қатысушы марапатталса, 19 қатысушы екінші дәрежелі дипломға ие болды. Үшінші дәрежелі дипломды 24 қатысушы еншіледі.

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады. Бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысы жеңіп алса, бірінші орынды Абай облысының, екінші орынды Қарағанды облысының командалары өзара бөлісті. Үшінші орын Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстарынан келген командалар иеленді.

ХХIV республикалық Абай оқулары Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өтті. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.