7 облыстың республикалық маңыздағы жолы жабық

7 облыстың республикалық маңыздағы жолы жабық
Сурет: интернеттен

Себебі 9 жол жүру учаскесінде су тасқыны болды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 323 бірлік техника мен 462 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3430 метр болатын су тасқыны орын алды. 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 650 км) қозғалысқа шектеу қойылды», делінген  Қазавтожол мекемесі таратқан ақпаратта.