Ауыр атлеттер Олимпиадаға бармайды

Ауыр атлеттер Олимпиадаға бармайды
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

1996 жылдан бері барлық Олимпиадаға қатысқан атлеттер Парижге жолдама ала алмады.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Пхукетте ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогында Сергей Петрович пен Айнұр Әбдіқалықова Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынаған.

Сергей Петрович (89 келі) жарысқа С тобында қатысты. Ол жұлқа көтеруде 167, серпе көтеруде 196 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 363 келіні еңсерді. Бұл көрсеткішпен Петрович 6-орынға жайғасты.

Ал Айнұр Әбдіқалықова 49 келіге дейінгі олимпиадалық салмақта өнер көрсетіп, С тобында 5-орынға табан тіреді. Ол жұлқа көтеруде 72, серпе көтеруде 88 келіні, қоссайыс қорытындысында 160 келіні бағындырды.

Осылайша, қазақстандық ауыр атлеттер Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иелене алмады.