Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады

Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады
сурет:kaztag.kz

Кандидаттарды ұсыну жұмыстары 8 ақпанда аяқталады.

Алматы қаласының мәслихатына барлығы 42 депутат сайланады. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қалалық мәслихатқа 42 депутат сайланады. Оның 21-і бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінен, 21-і партиялық тізім бойынша дауыс жинайды.

«Кандидаттарды ұсыну жұмыстары 20 қаңтарда басталды. 8 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады», - делінген қалалық сайлау комиссиясының хабарламасында.