Алматыда 15 сәуірден жылуды кезең кезеңімен өшіру басталады

Алматыда 15 сәуірден жылуды кезең кезеңімен өшіру басталады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындарының үйлерінде жылу кезең кезеңімен өшіріледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс кеңесін өткізді, онда жылыту маусымының аяқталуы, сондай-ақ алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бастау мәселесі қаралды. Ағымдағы жағдай туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, «Алматы жылу желілері», «Алматытеплокоммунэнерго», «Алматы электр станциялары», «Алатау Жарық Компаниясы», «Алматы Су», Алматы филиалы «ҚазТрансГаз Аймақтың» Алматы филиалы  басшыларының  баяндамалары тыңдалды.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаевтың ақпараты бойынша, Алматы қаласында белгіленген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік бес күн ішінде тіркеген, сондықтан 2023-2024 жж. жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.

Жылуды өшіру 15 сәуірден басталады әрі келесі тәртіппен кезең-кезеңімен өшіріледі: алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдениет объектілері және басқалар, содан кейін тұрғын үйлер (тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

Кеңесте инфрақұрылымның тозуын азайту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның маңыздылығы атап өтілді. 2023 жылы жылу желілерінің тозуы жоспарланған 0,6% орнына 1,3% - ға қысқарды.

Мәселен, ағымдағы жылдың басында 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан тозған желілердің ұзындығы желілердің барлық ұзындығынан 802,6 км немесе 57,9% құрайды. Биылғы жылы 20 км жылу желілері қайта жаңартылады, Бұл тозуды 1,8% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.

2023 жылы жылыту маусымына дайындық  аясында Алматы қаласының табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламасы бойынша («АлТС» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «АТЭС» ЖШС) және жергілікті бюджет есебінен 30 млрд теңге іске асырылды.

Ағымдағы жылы 2024-2025 жж. жылыту маусымына дайындыққа 35 млрд теңге бөлінді, 2025 жылы қосымша 32 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Алматы әкімі алдағы жылыту маусымына дайындық кезінде осы бағыттағы жұмысты күшейтуді, сондай – ақ коммуналдық қызметтердің, екі бөлімшенің-энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мен қалалық мобильділік басқармасының жолдарды жөндеумен байланысты жұмыстарды жүргізу регламенттерін синхрондауды тапсырды. 

Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылған.