Алматыда үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу өтіп жатыр

Алматыда үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу өтіп жатыр
Cурет: Olympic.kz

Алматыда үстел теннисінен «ТОП-12» республикалық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Аталған турнир ұлттық құрамаға іріктеу жарыстарының қатарында. Әйелдер арасында әзірге Анастасия Лаврова, Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Ақашевалар жеңіліссіз келеді.  

Арай Әшкеева, Анель Бахыт және Александра Смирновалар бір реттен жеңілді.  Ерлер арасындағы бірінші жарыс күнінде Эрик Райтер ғана ұпай жоғалтқан жоқ. 

Сондай-ақ Айдос Кенжеғұлов, Денис Жолдуевтер өз топтарында көш бастап тұр.