Мемлекет басшысы шұғыл жиналыс өткізді

Мемлекет басшысы шұғыл жиналыс өткізді
Сурет: Akorda.kz

Жиын Жамбыл облысында орын алған жарылыстарға байланысты болды.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жиынға Премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты.

Сондай-ақ Тараз қаласынан бейнебайланыс арқылы Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері және Жамбыл облысының әкімі қатысты.