Жаңбыр жауып, жел соғады

Жаңбыр жауып, жел соғады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Еліміз бойынша 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы осындай.

Мамандар бұған дейін 6-12 сәуір аралығында Қазақстанға нөсер жаңбыр жауатынын ескерткен болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ал күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз еліміздің орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр болады деп болжанады. Тек оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша тұман түсу, желдің күш алуы сынды табиғаттың ортақ сипаты байқалады. Солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрады деп күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратта.