Дәмханада оқ атылды

Дәмханада оқ атылды
Сурет: интернеттен

Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ келді

Ақтауда дәмханаға келген қонақтар есепті төлемей кетіп қалмақ болған. Тіпті, жанжал кезінде олардың бірі оқ атқан, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Есепті төлемей кеткісі келгендерді дәмхана қызметкерлері тоқтатпақ болған. Арада жанжал туындап, келушілердің бірі тапаншадан әуеге оқ атқан. Оның салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ келді. Қазір оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.