3,5 млн-нан астам қорап темекі тасымалдаушы құрықталды

3,5 млн-нан астам қорап темекі тасымалдаушы құрықталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Заңсыз жүкті 2024 жылғы 23 наурызда қазақстан-қырғыз шекарасында ұстаған.

«Айша бибі» өткізу пунктінде тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен 4 ауыр жүк ұсталды. Тауарға ілеспе құжаттардың мәліметтері бойынша автокөліктер Қырғызстаннан Түркияға транзитпен өтіп, бұршақты тасымалдаған. Тексеру барысында 3,5 млн. астам қорап темекі (Milano, Cavallo, Platinum, Taj) анықталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді. МКК өңірде наурыз айында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірлескен жедел-алдын алу іс-шаралары өткенін хабарлайды. 5 наурызда Қырғызстаннан жолаушыларсыз келе жатқан үш жолаушы автобусының бірлескен тексерулерінің нәтижесінде олардың жүк бөлімдерінде 8 мыңнан астам халық тұтынатын тауарлар табылды. Тауарлар ілеспе құжаттарсыз болған.