SWISS QUEENS WEDNESDAY: Бибісара Асаубаева чемпион атанды

SWISS QUEENS WEDNESDAY: Бибісара Асаубаева чемпион атанды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Блиц-шахматтан 2 дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды.

Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бибісара Асаубаева - 10,5 ұпай (300 доллар)
Теодора Иняц - 8,5 ұпай (250 доллар)

Савита Шри Баскар - 8,5 ұпай (200 доллар) 
Вантика Агравал - 8 ұпай (150 доллар)
Фам Ле Тхао Нгуен - 7,5 ұпай (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.