2025 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданы сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі

2025 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданы сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі
Сурет: Inform.kz

Аудан тұрғындарын сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.

2022 жылы 85 км-ге жуық (84,7) сумен қамту (56,2 км) және кәріз (28,5 км) желілері салынды,
2023 жылы 19,9 км салынып, 335 км сумен қамту (187,5 км) және канализация (147,5 км) желілерінің құрылысы жобаланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды.

«Оның ішінде "Ақжар" және "Қарағайлы" шағынаудандары бойынша жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сәуір айында сараптама қорытындысын алып, құрылысты 2023 жылдың ІІ (3) тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз. Қарғалы өзеніндегі су жинағыштың  құрылысы аяқталады және Ақсай өзеніндегі су жинау құрылғысын салу жұмыстары жалғасады. 2025 жылдың 4-ші тоқсанында аяқталады», - деді қала әкімі  Е.Досаев. 

Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданын сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады.

Ауданның басқа да ең өзекті және маңызды проблемаларын шешу жұмыстары қарқынды жалғасуда.