Еліміздің кейбір өңірлерінде құрғақшылық болады

Еліміздің кейбір өңірлерінде құрғақшылық болады
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында; Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда; Қызылорда облысы, Арал ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында орташа құрғақшылық күтіледі.

Ал қатты құрғақшылық мына өңірлерде болады: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында; Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.

Қалған жерлерде, атап өтсек, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;

Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында; Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында; Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында құрғақшылық болады.