Емделіп жатқан 172 науқастың жағдайы өте ауыр

Емделіп жатқан 172 науқастың жағдайы өте ауыр
Cурет: Ашық дереккөз

Стационарда 8 741 науқас жатыр

24 қазандағы мәлімет бойынша, 50 683 адам коронавирус инфекциясынан (–44 501 + және 6 182 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 8 741 пациент стационарда, 41 942 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 633 адамның жағдайы ауыр,
• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 112 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.