ҚР Қарулы Күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

ҚР Қарулы Күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
Сурет: 24.kz.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта.

Аталған ведомство Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр.

Сондай-ақ ҚР Президентінің кейбір актілеріне Қарулы Күштердің бас қолбасшылары мен қолбасшыларын тағайындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.