13 облыста жол жабық

13 облыста жол жабық
Сурет: интернеттен

Шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жүктелген.

Ауа райының қолайсыздығына  байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың  59 учаскесінде көлік  қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шектеу республикалық маңызы бар күре  жолдың 5973 шақырымын құрайды.

Аталған учаскелерде жолда 4 182 бірлік көлік (3598 жүк көлігі, 584 жеңіл көлік, 3 қоғамдық көлік) жиналып тұр.

«ҚазАвтоЖол» жолшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге 785 арнайы техника мен 1420 жолшы жұмылдырылды.

Барлық шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жүктелген және компанияның ресми сайтында  https://kz.qaj.kz/s/ қолжетімді. Сондай-ақ,  тәулік бойына 1403 колл-орталығы жұмыс істейді.