Аптап ыстықтың салдары инфаркт пен инсультқа жеткізуі мүмкін

Аптап ыстықтың салдары инфаркт пен инсультқа жеткізуі мүмкін
Cурет: Ашық дереккөз

Жедел-жәрдем қосалқы стансасының бір бригадасы тәулігіне шамамен 20 шақырту алған

Аптап ыстықтың салдары инфаркт пен инсульт алуға дейін жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Күннің күрт ысуынан ауруханаға түсетін науқастар жиіледі деген №4 емхананың дәрігерлері күніне 12 адамға дейін ем-дом сұрап келетінін айтады. Ал жедел-жәрдем қосалқы стансасының бір бригадасы тәулігіне шамамен 20 шақырту алған.

«Күннің ыстығына байланысты көптеген науқасқа кері әсерін беріп жатыр. Былайша айтқанда гипертермия деп айтамыз. Күннің ыстығынан дене қызуы көтеріліп, тек қана денеге ғана емес, сонымен қатар артерия қан қысымы да әсер етеді. Гипертермияға әлсіз адамдар кімдер? Олар балалар және үлкен кісілер қарттар деуге болады», – деді №4 қалалық емхананың невропатолог дәрігері Жазира Мұхамедқалиева.