Газбен жабдықтауды уақытша тоқтатты

Газбен жабдықтауды уақытша  тоқтатты
Almaty-akshamy.kz

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 Пушкин көшесінің қиылысында және «Мұзтау» шағын ауданында *газдың шығып кетуін уақытылы анықтады.*

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистралды газ құбырлары басқармасы газ желілерін пайдалану қызметі «Пергам» жылжымалы зертханасымен бірлесіп Бөгенбай батыр, 103 Пушкин көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша Д-325 мм төмен қысымды жер асты газ құбырында газдың шығып кетуін дер кезінде анықтады. 

Осыған байланысты, осы жылдың 7 ақпанынан кешінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің аумағында газды тамақ дайындау үшін пайдаланатын 130 көпқабатты үй және 18 жеке сектордағы үйлерге, «Мұзтау» шағын ауданында газ беру тоқтады.  

Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қауіпсіздік ережелеріне сәйкес түнгі уақытта жұмыс жүргізуге тыйым салынғанын хабарлайды. Осыған байланысты жұмыстар 2024 жылғы 8 ақпанда таңғы 8-ден басталады.

Газбен жабдықтау 2024 жылғы 8 ақпанда сағат 14:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ