Сайлауға барып, сыйлықпен қайтты

Сайлауға барып, сыйлықпен қайтты
almaty-akshamy.kz

Қазалы ауданындағы Жалаңтөс батыр ауылында 500-ші болып дауыс берген Ләйлә Құламетоваға N83 сайлау учаскесінің төрағасы Асылбек Нұрадинов арнайы сый-сыяпатын табыстады.

Еске сала кетсек, бүгінде Қызылорда облысы бойынша 40 ауылдық округтердегі 54 сайлау учаскесінде дауыс беру өтуде. Облыс бойынша 304 комиссия мүшелері тартылған.
Сайлау барысында бақылау жүргізу мақсатында жалпы 313 бақылаушы тартылған. Оның ішінде саяси партиялардан – 121, сенім білдірген адамдар – 116, қоғамдық ұйымдардан – 74, БАҚ өкілдері – 2.

Бақылаушылар тарапынан сайлау барысында талап бұзушылықтар жөнінде арыз-шағым түспеген.