1213 оқушының мектеп формасын алуға бюджеттен ақша берілді

1213 оқушының мектеп формасын алуға бюджеттен ақша берілді
Сурет: Қ.Қонысбаев

Медеу ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.

«Мектепке жол» акциясы аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп керек-жарақтары мен оқушы киімдері табыс етілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қайырымдылық іс-шара жыл сайынғы негізде өткізіледі және ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы шеңберінде ХӘОТ санаттарынан шыққан 1213 оқушының шотына бюджет қаражаты есебінен 43 000 теңгеден мектеп формасын алу үшін жіберілді. Оның жалпы сомасы 52 млн. теңгені құрады.

Сондай-ақ, осы акция аясында аудан демеушілерінің қолдауымен 600 оқушыға қосымша көмек көрсетілді. Барлық қатысушыларға мектеп формасын алу үшін сертификаттар берілді, мектеп сөмкесі негізгі кеңсе тауарларымен толтырылды және балаларға қосымша аттракциондарға билеттер тегін берілді.

2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден басталып, 2023 жылдың 1 тамызына дейін жалғасты. Нәтижесінде мемлекеттік мектептерге – 2 888 бала, жекеменшік мектептерге – 716 бала қабылданды.

«Бұл іс-шараның мақсаты – аз қамтылған отбасылардың балаларына жәрдемдесу. Биыл 600-ге тарта бала мектепке қажетті керек-жарақ алды. Осы шаруаны атқаруға мұрындық болған кәсіпкер жомарт жандар дер едік. Осының өзі балаларға деген үлкен көмек»,-деді Медеу аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев.