Бейбітшілік мекені

Бейбітшілік мекені
Сурет: Sputnik8.com

Биікке ұмтылған ел

Заманауи Сингапур мемлекетінің негізін қалаушы әрі атасы Ли Куан Юды білмейтін көзі ашық, көкірегі ояу пенде жоқ шығар. Ол «Қоғамдағы бейбітшілік пен үйлесім кілті – ойынның ереже бойынша айналып, әркімнің өзіне тиісті қоғамдық үлесін алуында» деп қоғам мен адамға баға беріпті. Бір кездері кішкене ғана қалашық болған қаланы әлемнің айбынды мемлекетіне айналдырды. Экономикасын дамытты. Заңдарын қатайтты. Дамудың даңғыл жолына ақыл-ойдың жемісі арқылы түсті. Барша жаһан жұрты көз тіккен «қала мемлекетке» айналдырды. Алып Қытай мен Англиядан именбеді. Осылардың арасынан өзіндік жол тапты. Осы тақылеттес тағдыр Оңтүстік Корея, Жапония елдерінің басында да болаған. Ол тұрғысынан бұған дейін бірнеше мәрте сөз қозғадық. Әйткенмен, жасаған тәжірибелерін айналып өте алмаймыз.

Әлем тынысы. Қазақстан - өте бақуатты ел. Рухани тұрғыдан алғанда мәдениет, тарих, шежіре, жәдігерлер, құндылықтарға өте баймыз. Римдіктер мен ежелгі гректердің архитектуралық ескерткіштері бүгінге дейін экономикалық пайда түсіріп тұр. Түркияның жөні бір бөлек. Ондағы әрбір көне жауһар қаражат көзі болуда. Бастысы, сервис жақсы жолға қойылған. Саяхаттаушылар өздерінің рахаты үшін ақшаны аямасы анық.

Әлгінде бақуаттылық тұрғыдағы ойды түртіп өттік. Біздің ел ешкімнен кем емес. Тіпті, материалдық һәм рухани тұрғыдан баймыз. Мың тәубе!

Біздің даламыз - көне жәдігерлер ордасы. Талай тағдырдың куәсі. Оған дәлел әрбір тас, әрбір су. Арғы жағын тереңдете беруге болады. Ойымыз осыны туризмнің әдіс-тәсіліне сүйеніп дамыта берер болсақ, ұтқанымыз. Бұл бағытта біршама шаруа атқарылып та жатыр.

Қорыту. Бәрін түйгенде шығатын пайым біреу. Ол – қастерлі Отанымызды дамыту. Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау. Сонда бәрі біртіндеп орындалмақ.

Еліміздің ертеңі жарық болсын!