Әскери полиция қызметіне қатысты заңнама актілеріне өзгерістер енгізілуде

Әскери полиция қызметіне қатысты заңнама актілеріне өзгерістер енгізілуде
Сурет:Gov.kz

Әскери полиция қызметіне қатысты заңнама актілеріне өзгерістер енгізілуде

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі «Әскери полиция органдары қызметінің мәселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Қорғаныс министрлігінің сайына сілтеме жасап.    

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына өзгерістер енгізіледі. «Әскери полиция органдарының қызметкері» деген ұғым «әскери полиция органдарының әскери қызметшісі» деп өзгертілді.

ҚР «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»  заңының әскери полиция органдарына қатысты бөлігінде редакциялық өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, «әскери полиция» ұғымы «әскери полиция органдары» деп ауыстырылды.

Бұдан өзге, Президент Әкімшілігінің нұсқауына сәйкес, жоғарыда аталған заңға толықтырулар енгізілуде. Толықтыруларда әскери жоспарлау жүйесін Мемлекет басшысы бекітіп, Қорғаныс министрлігіне оны әзірлеу функциясы беріледі.

Бұйрық жобасымен 2021 жылғы 21 маусымға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9279739.