Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша онлайн режимінде селекторлық кеңес өтті

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша онлайн режимінде селекторлық кеңес өтті
Сурет:Gov.kz.

Селекторлық кеңесте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Аталған кеңес Министрлік Аппаратының басшысы Марат Әбілахатұлы Оразаевтың төрағалығымен және министрліктің басшы құрамының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарына сілтеме жасап.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін азайту, салалық НҚА-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және уақтылылығын арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау және карантин және ветеринария салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындыларына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі берген ұсынымдарды орындау бойынша ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелер тарапынан атқарылған шаралар қаралды.

Аппарат басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, оның ішінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынымдарын іске асыру жүргізетін жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, кеңес барысында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. 

Кеңес қорытындысы бойынша, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына ауыл шаруашылығының тиісті салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру, оның ішінде министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.