Қасым Аманжоловтың Сталинге жазған хаттары табылды

Қасым Аманжоловтың Сталинге жазған хаттары табылды
Сурет: Pxfuel.com

Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты қолжазбалар табылды

Қарағанды облыстық архиві қаламгердің фотосуреттерін және былайғы жұрт біле бермейтін деректерді жиыстырып жатыр. 90-ға жуық сурет пен қолжазбалар табылған. Оның көбін ақынның қызы Дариға Қасымқызы жинақтап, өткізген екен. Ең көнесі 1934 жылы «Біздің еңбек» газетінде жарық көрген «Есімде» деген мақаласы. Бұл жәдігерлерді архив ұжымы көшпелі көрме өткізіп, жұрт назарына ұсынбақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Олардың арасында осыдан 10 жыл бұрын табылған ақынның Жайық Бектұровқа, Сталинге жазған хаттары бар. Қызы Дариғаға жазған хаттары да түпнұсқада сақталған.

«ҚР кино-фотоархиві бар, сол жақтан жинақтадық, 20-30 шақты суретін алдық. Сосын қызының үйінен алдық. Енді бұл кісінің осы құжаттарын тархшылар, ақын-жазушылар мен өлкетанушылар әлі де зерттеп, өз ой-пікірін жазып, бір үлкен ғылыми жұмыстар әлі де әлемге шығады деп сенеміз», - деді Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің директоры Жанагүл Тұрсынова.