Тырысқақтан сақтан!

Тырысқақтан сақтан!
bilim-all.kz

Жаз кезінде іші өтіп, құсатындардың саны көбейе бастайды. Бір қарағанға қорқатын ештеңе жоқ, бірақ соның салдарынан өмірден де өтуі мүмкін. Оның бірі - тырысқақ. Ішек инфекциясы тобына жататын, аса қауіпті әрі жұқпалы ауру. Холера вибрионын тырысқақтың қоздырғышы деп те атайды. Себебі, олар сыртқа көп мөлшерде тырысқақ қоздырғышын бөліп шығарады. Ол дегеніміз - науқастың нәжісі, құсығы арқылы суға, тамаққа, киім-кешекке, ыдыс-аяққа, көрпе-төсекке т.б. жерлерге түседі. Тіпті ауру ауыз арқылы да жұғады. 

Тырысқақ аурудың таралуына бірінші себепкер - су. Қоздырышпен ластанған суды ішуге немесе шаруашылықта пайдалануға болмайды. Мәселен, жеміс-жидек немесе көкөністерді жуып шайған кезде адамға жұғады. Егер кесел су арқылы жұқса, сол ыдыстан су не тамақтанған адамдар да ауруға шалдығады.

Тырысқақтың қоздырғышы өте жұқпалы. Оның азық-түлікке түсуіне көбіне вибрион тасымалдаушылар себеп болса, ауруды тарататын - шыбындар. Аурудың бұл түрі өте жұқпалы. Науқастың іші ауырмай, жие өте бастайды. Үсті-үстіне құсады. Құсықтың түрі күріштен жасалған қайнатпаға өте ұқсас болады. Іштің өтуі бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылуы мүмкін. Көбіне 2-3 күнге созылады. Аурудың алдын алуы үшін жаз мезгілінде тексеріліп, белгінген жерлерге шомылып, көкөніс және жеміс-жидектерді жуып пайдалану қажет. Сондай-ақ жеке бас гигиенасын, әсіресе, балалар арасында қатаң сақтау қажет. Ауызсуды міндетті түрде қайнатып ішу керек. Ас дайындау, ыдыс жуу және ауызсу үшін ашық айдын-арықтардың суын пайдаланған жөн. Үйдегі тамақты ашық қалдырмай, тез бұзылатындарын тоңазытқышқа салған дұрыс. Үйдегі қоқысты уақытылы шығарып, үй іші мен ауланың тазалығын сақтау керек.

С.Сүлейменова,  

Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиялогиялық

бақылау басқармасы ЭҚБ басшысы  

А.Ибрагимова,  

Алмалы ауданы  санитариялық-эпидемиялогиялық  

бақылау  басқармасы ЭҚБ бас маманы