Ұлықбек Есдәулет: Араңдатушыларға ерік бермеу керек

Ұлықбек Есдәулет: Араңдатушыларға ерік бермеу керек
turkystan.kz

Ақын-жазушылар халықтың жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы. Мұндай пікірді ақын, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет білдірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шеруге шығуды, оны өткізуді және қабылдауды бір жүйеге келтіру керек.

«Қоғамды толқытпай, қоғамның ынтымақ- бірлігін сақтау өте қажет. Жастарға айтарым да сол. Ең алдымен мәдениеттілік керек. Тәртіп бұзу бұл жақсы нәрсе емес. Қоғамның өресін көтерміз десек, еліміздің дамуын қалыптастырамыз десек біз кері кетпеуіміз керек. Мен біржақты айыптаудан аулақпын. Ең бастысы араңдатушыларға ерік бермеу керек. Бұл қарсы әрекет тудырады. Билік пен халық арасындағы диалогты бұзады, көпір салудың орнына қиратады. Жаңа қабылданған Үкімет осы мәселені оң шешеді деген тілек бар»,- деді ол.

Ұлықбек Есдәулет ақын- жазушылар халықтың жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы екенін айтты.

«Қоғамда қандай сілкіністер болса да, ақын- жазушылар қашан да халықтың жағында. Халықтың тілегін, халықтың сөзін сөйлеу парызы мен міндеті. Біз болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдаулымыз. Бәрі бейбіт жолмен шешіліп, халықтың талап, тілегі орындалады деген үміттеміз. Ақын- жазушылар халықтың жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы. Біз халықпен біргеміз»- деді ақын.