Қазақстандық ғалымдар X-Graft атты жара мен күйікті емдейтін құрал әзірледі

Қазақстандық ғалымдар X-Graft атты жара мен күйікті емдейтін құрал әзірледі
Сурет: Нartmann-shop.ru

X-Graft жабыны заманауи инженерлік технологиялар көмегімен коллаген және эластин талшықтарынан жасалған.

X-Graft биологиялық жабыны клиникалық зерттеулерден өтіп, көп ұзамай Қазақстан Республикасында тіркеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Зерттеу нәтижелері аталған биологиялық материалды қолдану жараны емдеу процесін едәуір тездететінін көрсетті. Сонымен қатар науқастардың ауруханада емделу кезеңін қысқартады.

«Орталық ғалымдары әзірлеген X-Graft жабыны заманауи инженерлік технологиялар көмегімен коллаген және эластин талшықтарынан жасалған. Таңу материалы терең және ұзақ уақыт емделмейтін жараларға арналған, сонымен қатар трофикалық жараларды уақытша таңу үшін қолданылады. Жабын қолданыста ыңғайлы, дәке таңғышпен салыстырғанда жараның бетіне жабыспайды. Емдік қасиеттері бойынша аталған биологиялық жабын шетелдік аналогтардан кем түспейді және беріктігі жоғары, икемді әрі абсорбцияға ие», – деді ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.