Жұмыс істемей тұрған ЖК болса жауып тастаңыз

Жұмыс істемей тұрған ЖК болса жауып тастаңыз
almaty-akshamy.kz

Алматылықтарға жыл аяғына дейін белсенді емес жеке кәсіпкерлікті жабу ұсынылды

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге келесі кезеңнің декларациясына түсіп қалмау үшін белсенді емес жеке кәсіпкерлікті жыл аяғына дейін жабу ұсынылды. ӨКҚ брифингінде сөз алған Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Заңғар Шындали, сонымен қатар қарыз міндеттемелерін нотариалды куәландыруға шақырды.

“Жоғарыда атап өткенімдей үшінші кезеңде декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме, егер жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбесе де туындайды. Іс жүзінде кәсіпкерлік қызмет болмаған жағдайда, біз ағымдағы жылдың соңына дейін төмендегіні ұсынамыз: - егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз немесе заңды тұлғаның басшысы болсаңыз, бірақ қазіргі уақытта қызмет жүргізбесеңіз   және одан әрі жоспарламасаңыз, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны жабу үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуіңіз керек”, - деп атап өтті З. Шындали.

Бұл жағдайда кәсіпкер және оның жұбайы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне үшінші кезеңінде емес, төртінші кезеңінде яғни есептілікті тек 2025 жылы тапсыра бастайды. 

“Сондай-ақ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 250.00 нысанын ұсыну бойынша міндеттемелері бар тұлғалар дебиторлық/кредиторлық берешекті декларациялау мақсатында борыштық міндеттемелерді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін нотариалды куәландыру қажет”, - деп қорытындылады ол.