Жол жөндеуге байланысты Әл-Фараби даңғылында кей учаскелерде реверсивті жол қозғалысы енгізіледі

Жол жөндеуге байланысты Әл-Фараби даңғылында кей учаскелерде реверсивті жол қозғалысы енгізіледі
Сурет: Inbusiness.kz

Жол жөндеу  жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар әлі де жалғасады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында әл-Фараби даңғылының Батыс Желтоқсан көшесінен ШААЖ дейінгі бөлігінде реверсивті жол қозғалысы 17 шілде сағ.07:00-ден түнгі сағ.00:00-ге дейін ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Батыс және шығыс бағыттағы жолақ санын қалыптасқан көлік жағдайына қарай патрульдік полиция қызметкерлері анықтайтын болады. Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта (Батыс Желтоқсан көшесінен әрі) 18 шілде сағ.00:00-ден 07:00-ге дейін көлік қозғалысы толығымен шектеледі.